Жаңалықтар

Түркістандағы оқу-жаттығу жиыны аясында біздің команда «Екібастұз» командасымен жолдастық кездесу өтті.
Матч 2:2 есебімен аяқталды. «Тараз» сапынан Диас Лесбек пен Али Әбіш гол авторы атанды.
Қос таймда толық екі түрлі құрам ойнады. Гол соғатын мүмкіндіктер мол болғанымен, шабуылды сәтті аяқтау кем болды.
— Осымен кезекті ОЖЖ аяқталды. Жиын қорытындысы бойынша жаңа ойыншылармен толығу мәселесін ақылдасатын боламыз, - деді бас бапкер Н.Мазбаев
Үш күн үзілістен соң маусымға дайындық Таразда жалғасады.

Арсен Әшірбек биылғы маусым соңына дейін «Оқжетпес» командасында ойнайды.
Асан Асылбек «Қызылжар», ал Диас Орынбасар «Жетісу» командасымен келісім шарт жасады. Ойыншылар «Тараз» футбол орталығының түлегі болғандықтан жыл соңына дейін клубқа өтемақы төленетін болады.
Еркебұлан Тойбеков түркістандық «Тұран» командасына ауысты.
Дәулет Затыбеков командамен келісім шартын жалғастыруға мүмкіндігі болды. Алайда ол әрі қарай мансабын футзалда жалғастыруды көздейді.
Қақпашы Станислав Щербаков жаңа маусымда «Ұлытау» намысын қорғайды. 24 жастағы жас ойыншы Жамбыл футболының түлегі. Ол өз мансабында «Тараз», «Тараз-Қаратау» және «Мақтаарал» клубтарында өнер көрсетті.
Командамен қош айтысқан ойыншыларымыздың барлығына сәттілік тілейміз!

Жаңа маусымға дайындық барысында команда 20 ақпан мен 4 наурыз аралығында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
ОЖЖ-ға келісім-шартқа отырған ойыншылардан бөлек, басқа да футболшылар қатысады.
23 ақпан «Екібастұз» (1-лига), 26 ақпан күні «Оқжетпес» (ҚПЛ) командаларымен жолдастық матч өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, тағы екі командамен кездесу ұйымдастыру бойынша келісім жүргізілуде.
Айта кетейік, тараздық ойыншылар Асылбек Асан «Қызылжар», Арсен Әшірбек «Оқжетпес», Диас Орынбасар «Жетісу» командаларының оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Ал Дәулет Затыбеков кәсіби мансабын футзалда жалғастырмақ.
Еске салсақ, 8 ақпан күні «Тараз» Шымкенттегі «БИІК» стадионында «Алтайға» қарсы сырт алаңдағы жолдастық кездесуін өткізді. Бір күндік жиын қорытындысы бойынша біздің команда Өскеменнен келген футболшыларға минималды есеппен жеңілді (0:1). Матч барысында «Тараз» қақпасына тәжірибелі Сергей Хижниченко гол соғып, мергендігімен көзге түсті.
Осылайша, командамыз екінші рет Жамбыл жерінен тысқары аумақта жаттығу жиындарын өткізбекші.

Кеше, 17 ақпан күні Астанада Қазақстан футбол Федерациясының президенті Марат Омаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Онда қазақ футболының дамуы, негізгі стратегиялық бағыттар жайлы баяндалды.
ҚФФ басшысы өз сөзінде алдағы уақытта Республикамыздың үш қаласында (Тараз, Қарағанды және Астана, Алматы, Алатау қалаларының біріне) футбол академиясының іргетасы қаланады деп жоспарланған.
Қазіргі таңда Таразда жергілікті жас футболшыларға арналып, 1 футбол орталығы қызмет көрсетуде. Мұнда 300-ден астам спортшы жаттығып, біліктілігін арттыруда. Алдағы уақытта Федерация тарапынан тілге тиек етілген академия жобасы оңтүстік өңірде қолдау тапса, онда Таразда футболға қызыққан жастардың қатары көбейетіні анық.
Жалпы Қазақстан бойынша “Қайрат” футбол клубының академиясын ең озық үлгіде соғылған спорттық нысан ретінде санауымызға себеп жоқ емес. Алматылық ұжымның бір басында Сергей Квочкин, Тимур Сегізбаев және Естафий Пехлеваниди атындағы селекциялық бөлімдері бар. Үш академияны қосқанда, барлығы 1000-нан астам шәкірт тәрбиеленуде. Егерде Республикамыздың түпкір-түпкіріне осындай заманауи спорттық нысандар тұрғызалатын болса, жасөспірімдер футболында бәсекелестік артады. Онымен қоса, Дастан Сәтбаевтай ойыншылар тек “Қайраттың” академиясында шығуымен ғана шектеліп қалмайды.
2 бет. Барлығы: 3
Турнирная таблица
Ранг | Команды | Сыграно | Очки |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
23 | 67 |
2 |
![]() |
24 | 59 |
3 |
![]() |
25 | 51 |
4 |
![]() |
24 | 48 |
5 |
![]() |
23 | 39 |
6 |
![]() |
23 | 32 |
7 |
![]() |
25 | 31 |
8 |
![]() |
24 | 28 |
9 |
![]() |
24 | 28 |
10 |
![]() |
24 | 26 |
11 |
![]() |
24 | 25 |
12 |
![]() |
25 | 24 |
13 |
![]() |
24 | 20 |
14 |
![]() |
24 | 20 |
15 |
![]() |
24 | 19 |
Вторая лига
Юго-Запад
Ранг | Команды | Сыграно | Очки |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
18 | 39 |
2 |
![]() |
17 | 36 |
3 |
![]() |
18 | 32 |
4 |
![]() |
18 | 29 |
5 |
![]() |
18 | 28 |
6 |
![]() |
18 | 27 |
7 |
![]() |
18 | 18 |
8 |
![]() |
18 | 15 |
9 |
![]() |
19 | 12 |
10 |
![]() |
18 | 11 |
Серіктестер



